Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында алаяқ әйел тұрғынды 2 млн теңгесіз қалдырды

Қызылорда облысында алаяқ әйел тұрғынды 2 млн теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментіне 31 жастағы Арал ауданының тұрғыны алаяқтық әрекеттің құрбаны болғандығы жөнінде арыз берген болатын. Ол өзінің арызында әйел қаңтар айында пәтер алып беремін деп 2,1 млн теңгесін алып, алдап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының барысында 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру