Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында екі жылда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген 10 адам анықталды

Ақмола облысында екі жылда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген 10 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салынған жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлама болған жағдайда барлық шұғыл ден қою қызметтерінің дереу шығуы және полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі қамтамасыз етіледі. Ойланбай жасалған әрекет кейіннен материалдық залалды өтеу арқылы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Ақмола облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының ақпараты бойынша, соңғы екі жылдың ішінде өңір аумағында аталған қылмыстардың 10 фактісі тіркелген.

Сегіз құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, келтірілген материалдық залалды толық өтей отырып, әртүрлі жазаларға тартылды. Бір факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚК 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе айырумен жазаланады.

Сонымен бірге, алкогольді, есірткі құралдарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынудан туындаған масаң күйде құқық бұзушылық жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

Бұдан басқа, осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік баланың жасына қарамастан 14 жастан басталады. Келіп түскен қатерлерді тексеру жөніндегі арнайы іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен байланысты материалдық залал үшін жауапкершілік ата-аналарға немесе заңды өкілдерге жүктеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру