Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

Павлодар облысында жедел алдын алу шаралары шеңберінде 17 қыркүйектен бастап «Қару» іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында полиция бөлімінің қызметкерлерімен Май ауданы Қаратерек ауылының тұрғынынан заңсыз сақталған электрошокер тәркіленді. Аталған адамға қатысты ҚР ӘҚбтК-тің 482-баптың 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру