Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Браконьерлер Қызыл кітапқа енген құстар мен қара балықты өлтірген

Алматы облысының аумағында “Браконьер” жедел алдын алу шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-30 қыркүйек аралығында Алматы облысының аумағында полиция қызметкерлері “Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы” РММ және “Охотзоопром ” ПО, РМҚК-мен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Алты күннің ішінде табиғатты қорғаушылар 76 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың 38 жағдайы, балықты заңсыз аулаудың 16 дерегі, ағаштарды заңсыз кесудің 15, биоресурстар объектілерін заңсыз тасымалдаудың бес, аңшылық қаруды алып жүру және тасымалдау тәртібін бұзудың бір дерегі.

Сонымен қатар, полицейлер үш құық бұзушылық бойынша қылмыстық іс тіркеді. Оның екеуі Іле ауданының аумағында ҚР ҚК 339-бабы бойынша – 16 қыркүйек күні Байсерке ауылының маңында Қызыл кітапқа енген “Іле маринкасының” 12 данасы бар жергілікті тұрғын ұсталды, ал 20 қыркүйек күні Күрті ауылдық округінде Алматы қаласының 62 жастағы тұрғынының “Toyota Land Cruiser Prado” автокөлігінен құқық қорғау органдары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құрып кету қаупі төнген “қарабауыр бұлдырық” түріндегі екі құстың өлі тушасы мен 12 калибрлі мылтықты және оның патрондарын тапты. Тағы бір қылмыстық іс заңсыз аң аулағаны үшін ҚР ҚК 337-бабы бойынша Сарқан ауданының аумағында тіркелді. 19 қыркүйекте 38 жастағы тұрғынның “Нива” маркалы автокөлігінен екі аңшылық мылтық пен өлтірілген “сібір елігінің” еті табылып, тәркіленді. Барлық үш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, “Нива” және “Toyota Land Cruiser Prado” автокөліктері сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру