Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарайдан төрт дөңгелекті белгісіз біреу ұрлап кетті

Шымкент полицейлері ұрлық фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны автокөлік дөңгелектерінің ұрланғаны туралы айтып, полицияға жүгінді. Белгісіз біреужәбірленушінің үйінің ауласында орналасқан сарайға кіріп, “Triangle” маркалы төрт дөңгелекті ұрлап кеткен.

Келтірілген шығын сомасы 508 мың теңгені құрады. Факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) іс тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру