Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Заңсыз тасымалдаушы» ЖААІШ: Павлодар облысында мыңға жуық әкімшілік бұзушылық анықталды

Павлодар облысында мыңға жуық әкімшілік бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының автожолдарында 27 маусымнан бастап ерекше өкімге дейінгі кезеңде «Заңсыз тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Осы іс-шараның ағымдағы кезеңінде 921 әкімшілік бұзушылық анықталды.
Құқық бұзушылар рейтингінде бірінші орында қауіпсіздік белдігін елемеген 267 жүргізуші тұр. Екіншісі – көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуді ұнататын жүргізушілер. Олардың саны 151-ді құрады. Көлік құралының техникалық жағдайын бақыламаған – 98 жүргізуші. Сонымен қатар, таксиді басқаруға құқығы жоқ немесе санаты жоқ жүргізушімен 31 павлодарлық жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде басқару үшін 9 такси жүргізушісі, ал мемлекеттік нөмірлерсіз 11 такси жүргізушісі ұсталды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ, техникалық жағдайы бұзылған автобустарды пайдалануға бергені үшін 18 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 19 қоғамдық көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін 34 жүргізуші жазаланды. Апатты жағдай жасағаны үшін 8 такси жүргізушісі жазаланды.

Шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін көліктік бақылау инспекциясына бір материал берілді, онда жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 575-бабы бойынша шаралар қабылданатын болады, ол үшін 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері заңсыз жолаушы тасымалдаудың 4 фактісін анықтады.

Барлық тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, айыппұл тұрағына 44 көлік құралы қойылып, 61 мемлекеттік нөмір алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру