Зейнеткер полицияға ұрланған ұялы телефонды қайтарғаны үшін алғыс айтты
Алматыда зейнеткер Галина Серафимовна бұл туралы үндеу жазды, онда Медеу ауданының полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен жауаптылығы үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Мен қоғамдық көлікте кетіп бара жатыр едім, ұялы телефонымды жұлып алды. Мен үшін бұл, әрине, қайғы болды: барлық байланыстар, бәрі сол жерде болды. Мен тез арада Медеу ауданының полициясына жүгіндім, олар маған көмектесті. Мен арыз жаздым, бірнеше күн өтпестен, телефоным маған қайтарылды. Олар қоңырау шалды, кел деді, мен бардым, телефоным орнында болды. Мен Медеу аудандық полициясының барлық қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мен оларға дәл осылай жақсы жұмыс жасасын деп тілеймін. Нақтырақ айтсақ, жедел қызметші Мақсатқа өз атымнан алғыс айтқым келеді, – деді Галина Серафимовна.
Сонымен қатар, Медеу аудандық ПБ жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасаған күдікті ұсталды деп хабарлады.
– Әрине, азаматтардан біздің қызметкерлеріміздің атына осындай жылы сөздер есту өте жағымды. Мұнда ешқандай ерлік немесе ерекше нәрсе жоқ, бұл полиция қызметкерлерінің тікелей жұмысы – қылмыстарды ашу және бұл азаматтардың құқықтарын қорғауды білдіреді. Соған қарамастан, қоғамдық пікір біз үшін өте маңызды. Бұл ынталандырады: ризашылық пен азаматтардың мойындауы біз үшін ең жақсы көрсеткіш болып қала береді, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Анвар Тұрысбеков.