Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Той өткізген тұрғындар жауапқа тартылды

Қызылорда облысында үйлену және қыз ұзату тойын жасаған бес факті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйек айының 18-19 күні ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, және Байқоңыр қалалық прокуратурасының қызметкерлерімен бірлескен жоспарға сәйкес “Учаске” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қармақшы ауданы Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізіп, яғни үйлену және қыз ұзату тойын жасаған бес факті анықталды.

Осыған байланысты, Қызылорда облыстық Бас санитарлық дәрігерінің №20 қаулысының, санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін, жинақталған тексеріс құжаттар Қармақшы аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру