Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалғызбасты әке ақмолалық ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын білдірді

Жалғызбасты әке ақмолалық ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/11 мекемесінің басшылығына және қызметкерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Бірнеше жыл бойы қызым Сәуле екеуміз, Сіздің мекемеңіздің назарынсыз және қамқорлығысыз қалған емеспіз – деген сөздерден қызын өзі жалғыз тәрбиелеп отырған, жалғыз басты әке хатын бастады – мен Сіздің рухани қолдауыңыз, қамқорлығыңыз және түсіністігіңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін».

Бірнеше жыл бұрын, әкесі кішкентай баласымен жалғыз қалған кезде, ЕЦ-166/11 мекемесі өз қамқорлығына алғанын еске саламыз. Ер адам қызы балалар үйіне түсіп қалмай, өзімен қалуы үшін, уақытша жұмысын тастауға мәжбүр болды, содан ол кішкентай баланы барлық қажеттілікпен қамтамасыз ету үшін, кездейсоқ табыстармен күн көруіне тура келді. Сол кезде, қызметкерлердің біреуі жұмыста осы жалғыз әке туралы айтқан болатын. Сонда барлық әріптестер бір кісідей болып, көмек көрсету идеясын қолдады, содан соң әрбір мейрам болған сайын, қызды назарсыз қалдыра алмады. Отбасына бір-екі рет кіріп шыққан соң, косметикалық жөндеу жасау мәселесі туралы талқыланды.

– Білмедім, бөлмеге жай ғана кішкене болсын, жылулық пен жайлылық еңгізгіміз келді, барлық әріптестермен кім қалай көмектесе алатындығын талқылап, жөндеу жасадық!» – деді мекеменің кадрлық саясат тобының аға инспекторы Олеся Авдеева.

Жаңа 2021 жылдың қарсаңында, Сәуленің әкесімен кездесіп, қызметкерлер қыздың не туралы армандайтынын білді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру