Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Түркістан облысының полицейлері пәтер ұрысын қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне “102” нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол кешкі сағат 20:30 шамасында өзінің үйінен белгісіз біреу “Hyundai” маркалы теледидары мен тюнерін ұрлап шығып бара жатқанын айтқан. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жедел жетіп, күдіктіні қылмыс үстінде қолға түсірді. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Мас халде ұрлық жасаған күдікті қолды болған заттарды сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсамақ болған. Қазіргі таңда өз кінәсін толығымен мойындаған күдікті ер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз. Пәтер ұрлығы болған жағдайда, жедел түрде “102” телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру