Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында карантиндік іс-шаралар жұмыстары жалғасуда

Жамбыл облысында карантиндік іс-шаралар жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрылған 38 мобилдік топ мүшелерімен ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 11 711 нысандар тексерілді.

Тәулік ішінде, құрылған топтармен 11 рейд, 70 нысандар, сауда үйлері, кафелер, ресторандар, сауда бутиктері және шаштараздар тексеріліп, тексеру барысында карантин талаптарын бұзудың 12 дерегі анықталды.

1 қаңтардан бастап барлығы 882 құқықбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда облыс аумағында барлығы (өсім бойынша) індетті жұқтырудың 15 000 нан астам дерегі тіркелді.

Соңғы кездері Індеттің белең алуына байланысты оның алдын алу бойынша облыс орталығы Тараз қаласы аумағында кафе-мейрамханаларға қосымша 40 полиция және 30 Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру