Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мектепке масаң күйінде келген жұмысшы анықталды

Павлодар облысында мектепке масаң күйінде келген жұмысшы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Железин ауданының полицейлері жұмыс орнына, яғни мектепке ішімдікке масаң күйінде келген мектеп жұмысшысын анықтады. Ер адамның бұрын қоғамдық орындарда ішімдікке масаң күйінде жүргені үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшыларымен ер адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 440-бабы 3-бөлімі бойынша тағы бір мәрте жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға қатысты іс сотта қаралып, сот қаулысымен оған 10 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынды.

Жыл басынан бастап павлодарлық полицейлермен ішімдікке масаң күйдегі 5912 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардан 151 құқық бұзушы Железин ауданында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру