Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер ұрлыққа оқталған ер адамды анықтады

Шымкенттік полицейлер ұрлыққа оқталған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 17 тамыз сағат 16:30-да Шымкент қаласы, Алдияров көшесі №1 үйдегі аксессуар сататын сауда орталығында бейтаныс азамат ұрлыққа оқталғанын көрсеткен. 

Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлыққа оқталған азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру