Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция пойызда жасырынуға тырысқан борышкерді ұстады

Жамбыл облысында полиция пойызда жасырынуға тырысқан борышкерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан қашып жүрген борышкерге іздеу жариялау туралы материал келіп түсті. Ол Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны, ұзақ уақыт бойы мемлекет алдындағы 2,3 млн теңгеден астам қарызды өтеуден жалтарып жүрген.

Оның орналасқан жерін іздеу бастамасы өз нәтижесін бермегендіктен олар полициядан көмек сұрады.

Көші-қон қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізді. Тіркелген мекенжайда ер адам жоқ, үлкен қарызды төлеуден әдейі жалтарып, телефон қоңырауларына жауап бермейді.
Полиция сатып алынған пойыз билеті бойынша борышкерді тауып, сот орындаушысына тапсыра алды. Қазіргі уақытта ер адам қарыздың барлық сомасын төлеп үлгерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру