Жамбыл облысында Қазақстан полициясы күні атап өтілді
Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне дәстүрлі гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға қатысушылар қаза тапқан полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының gолиция департаментінде полиция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Құрметті қонақтардың арасында ішкі істер органдарының ардагерлері, полицейлер, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері болды.
Мереке ҚР 3шкі істер министрі Марат Ахметжановтың құттықтау жеделхатымен басталды.
Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрмет Мәжікенов
ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлеріне халық пен Отан игілігіндегі қызмет атқарғаны үшін зор алғысын білдіріп, денсаулық, амандық және табысты қызмет тіледі.
Атаулы күнге орай Жамбыл облысы ПД үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттарға 200-ден астам полиция қызметкері ие болды, оның ішінде 26 қызметкер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен, 181 – Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен марапатталды, 7 – Жамбыл облысы әкімінің, 3 – облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара соңында полиция қызметкерлері қызмет атқару орындарына тарады.