Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 16 бикешке колледж дипломдары табыс етілді

Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі депертаментінің №23 мекемесінде бүгін 16 сотталғанға колледж бітіруіне байланысты QR–коды бар дипломдар табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Диплом алған сотталған әйелдердің ішіндегісі ең үлкені 59 жаста.

– Мен қазір 59 жастамын, бірақ үйренуге ешқашан кеш емес деген сөз бар. Тігінші мамандығы – қай жаста болса да әйел адамға ең қажеты мамандықтың бірі деп ойлаймын. Бұл мамандықты осында үйренгеніме қуаныштымын, сонымен қатар мекемеде тігін шеберханасы болғандықтан, өзімді сынауға мүмкіндік алдым. Ұстаздарымызға еңбектері мен сабақ беру процесіндегі шыдамдылығы үшін алғыс айтамыз!, – деп өз ойымен бөлісті сотталған Наталья Дмитриева.

Сотталған Наталья Дмитриева 7 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып ,бөтенің мүлігін иемдену және жымқыру, яғни бөтенің мүлкін ұрлау үшін ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

– Түзеу мекемелеріндегі мұндай мемлекетік бағдарлама сотталғандардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жақсы өмірге ұмтылуға, ой-өрісін кеңейтуге ынталандырады. Бұл да сотталғанды түзеу критерийлерінің бірі және бостандыққа шыққаннан кейін одан әрі әлеументенуіне әсер етеді, – деп түсіндірді мекеме басшысының орынбасары Анара Сабиева.

Бүгінгі күні әйелдер колониясында адам өлтіру, алаяқтық, жымқыру, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау, есірткі заттарды тарату, сақтау және өткізу сияқты ауыр және аса ауыр қылмыстар ушін сотталған әйелдер жазасын өтеп жатыр.

– Сіздердің алған біліміңіз сіз үшін өте маңызды болады, болашаққа жақсы негіз болады, сіздің отбасыңыздын келешегі болады деп сенемін. Шын жүректен құттықтаймын!, – деп диплом табыстау күні Жарма кәсіптік колледжінің директоры Е.Қасенов түлектерді құттықтады. 

Колония әкімшілігі атап өткендей, қайта әлеументтендірудің жақсы ұйымдастырылған жүйесін қүру тек мекеме үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де тиімді. Өйткені,бұл қылмыстың қайталану қаупін айтарлықтай төмендеп , түрмедегі тұрғындардың санын азайта алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру