Жамбыл облысында сотталғандарға діни экстремизм тақырыбына арналған қойылым көрсетілді
Жамбыл облысында сотталғандарға діни экстремизм тақырыбына арналған қойылым көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінде облыстық орыс драма театрының шығармашылық ұжымы «Я хочу домой» тақырыбында қойылым қойды.
Аталған қойылымда жалған діни ілімдердің құрбаны болған замандастарымыздың қайғылы тағдыры туралы баяндалады. Олардың әрқайсысы жақсы өмірге үміттеніп, шетелге кетіп қалады, бірақ нәтижесінде олардың әрқайсысының көңілі түсіп, туған жерге оралуды армандайды. Бірақ олар үшін артқа жол жоқ. Қойылымда шынайы сенім, махаббат пен туған жер сияқты жоғары құндылықтар шебер суреттеледі.
Іс-шараға қатысқан өңірілк ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов мұндай алдын алу шараларының маңызы зор екендігін айтып өтті.
– Бұл тақырып қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені көпшілік дәстүрлі діннің құндылықтарын өзге жат ағымдармен байланыстырып, қайсысы дұрыс немесе бұрыс екендігін ажырата алмауда. Сондықтан дінтанушылар осы тақырыпқа орай түзеу мекемелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және бұл маңызды рөлге ие, – деді Қ. Жарылғапов.