Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

 28-30 наурыз аралығында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысының аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Олардың ішінде ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдармен қорғау нұсқамасы, ерекше талаптар, маскүнем, нашақор, қолайсыз отбасы санаттары бойынша әңгімелесуге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ полицейлер азаматтарға құқық бұзушылықтар үшін қандай жазалау шаралары қаралатынын түсіндіреді. Оларға қатысты қорғау нұсқамасы немесе арнайы талап шығарылған азаматтардың белгіленген шектеулерді сақтауы тексеріледі.

Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 28 наурызда Жамбыл облысы полиция департаментінде Жамбыл облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері департамент бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікеновпен кездесті. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау жолдары айтылды.

– Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екенін айта кеткен жөн. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай деректердің құрбандарының жартысына жуығы полицияға жүгінгеннен кейін арыздарын қайтарып алады немесе мүлдем жазудан бас тартады. Дегенмен, ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжанов атап өткендей, елде мұндай отбасындағы зорлық фактілеріне қарсы күрес, татуласу рәсіміне қойылатын талаптар, жауапкершілік күшейтіледі. Полицейлер өтініш қабылдай отырып, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына ауысады, – деді Құрмет Мәжікенов.

Жамбыл облысының полиция департаменті барлық азаматтардан отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелеріне бей-жай қарамауды және осындай жағдайлардың құрбаны болған немесе ақпарат естіген сәтте дереу полицияға хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру