Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер екі рет бөтен көлікті иемденген азаматты анықтады

Астанада полицейлер екі рет бөтен көлікті иемденген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір-екі түнде күдікті үйлердің аулаларында тұрған екі көлікті айдап кетіп үлгерген. Бір жағдайда, 189-көшеде ол кілттерді сәйкестендіру арқылы Volkswagen Golf-3 көлігін ашып кірген. Жангелдин көшесіне дейін келіп, орта жолда ойын өзгертіп, көлікті тастап кетіп қалған.

Екінші жағдайда Уәлиханов көшесімен келе жатып, оның көзіне Volkswagen Passat маркалы тағы бір автокөлік түсіп қалған. Бұл көлікке де ұқсас тәсілмен кіріп, айдап әкетеді. Ұрланған көлікті жақын маңдағы ауданға дейін айдап барып, жігіт оны Желтоқсан көшесіндегі үйдің аумағында қалдырып кеткен.

Елордалық полиция қызметкерлері ұрлыққа іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы қала тұрғынының қатысы барын анықтады.

Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөліктер иелеріне қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға автокөліктен кетіп бара жатқанда қырағы болуды ескертеді, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын тексеру қажет. Ұрлықты болдырмау және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер автокөлік иелеріне көліктерді күзетілетін тұрақтарға қоюды және дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.

Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу «102» нөмірі бойынша хабарлаңыз.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру