Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Жамбыл облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Участок» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 912 пәтер мен 2106 жеке үйді аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 256-ға жуық адам және 111-ден астам азаматтық қару иелері тексерумен қамтылды. Іс-шара барысында құжаттарсыз жалға берілетін 6 пәтер анықталды, осыған қатысты ақпарат Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері 436-ға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша (ҚР-да тіркеусіз тұру) – 100, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) – 7, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орында масаң күйде болу) – 39 адам.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдардың және жұртшылық өкілдерін жұмылдыра отырып, өзекті мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру