Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер алаяқты қолға түсірді

Шымкенттік полицейлер алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі.

10 қазанда Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында өзінің танысы Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы дәмханалардың бірінде кәсіпкерлер палатасы арқылы қайтарымсыз 585 мың теңге алуға көмектесемін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 60 мың теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру