Жамбыл облысының полицейлері алтын ұрлау дерегін анықтады
Жамбыл облысының полицейлері алтын ұрлау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2023 жылғы 21 қарашада Қордай ауданының полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Әйел алтын, күміс сататын дүкеннен белгісіз адамның құны 250 мың теңге тұратын алтын сырғаларды ұрлағаны туралы хабарлады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.