Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған азаматтар шахматтан онлайн турнирге қатысты

СҚО-да сотталған азаматтар шахматтан онлайн турнирге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерінде сотталғандар арасында шахматтан облыстық онлайн турнир ұйымдастырылды. Бәріміз білетіндей, шахмат тек интеллектуалды ойын ғана емес, сонымен қатар стратегиялық ойлауды дамыту, өзін-өзі бақылау және өзара әрекеттесу дағдыларын жақсарту құралы саналады.

Іс-шара “Бостандық үшін шахмат” бағдарламасы аясында бүкіл әлем бойынша түзеу мекемелерінде білім беру және әлеуметтік бейімдеу құралы ретінде шахматты енгізуге бағытталған.

Турнирге облыстың 5 мекемесінің атынан 20 сотталған қатысты (№48, 50, 51, 52, 66). Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша танымал шахмат сайттарының бірінде өтті. Финалға үш команда шықты, әрқайсысы екі партиядан тұратын дөңгелек жүйеде ойнады. Турнир қорытындысы бойынша №51 мекеме командасы жеңімпаз атанды, №66 мекеме командасы екінші орынды және №48 мекеме командасы үшінші орынды иеленді.

СҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының құқығымен сотталған жүлдегерлер грамоталармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

– Мен алғаш рет олимпиадалық жүйе бойынша шахматтан онлайн турнирге қатыстым. Мұндай турнир қарсыласпен көз байланысының жоқтығымен, психологиялық байланыстың бұзылуымен және мінез күресінің артта қалуымен ерекшеленеді. Қарсыластарым күшті болды деп айта аламын және мен кейбір партияларда тактикалық нюанстар арқылы жеңіске жеттім. Мен шахмат ойнауды бала кезімде үйрендім және облыстық жарыстарда өз дағдыларымды көрсетуге мүмкіндік пайда болғанына өте қуаныштымын, – деп бөлісті қатысушылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру