Жамбыл облысының полицейлері қауіпсіздік шараларын күшейтуде
Жамбыл облысының ПД қызметкерлері қараусыз қалған ғимараттарға бақылауды күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының полицейлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Қант зауыты ауданында орналасқан Сорокин көшесіндегі «Даңқ аллеясының» жанында кәмелетке толмаған балалар үнемі ойнайтын қараусыз қалған ғимарат бар екені және бұл жердің қаңғыбастардың шоғырлану орны екені туралы ақпаратты анықтаған.
Аталған ғимаратты тексеру нәтижесінде ювеналды полиция қызметкерлері Тараз қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, жазатайым оқиғалар мен балалардың жарақаттануының алдын алу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ көрсетілген аудан тұрғындары арасында өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.
Полиция қызметкерлері қараусыз қалған құрылыстың жанында орналасқан үйлердің тұрғындарына өз балаларына бақылауды күшейту, сондай-ақ ересек адамдардың және кәмелетке толмағандардың қатысуымен балалардың жарақаттануы немесе өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің ықтималдығы туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізді.
Бұдан басқа, Тараз қаласының ПБ басшылығы көрсетілген қараусыз қалған құрылыстың ғимаратын қоршауға немесе оған қолжетімділікті шектеуге көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органдарға хат жолдады.
«Біздің қаламызда көптеген қараусыз қалған ғимараттар бар, олар ересектердің де, балалардың да қызығушылығын тудырады. Осыған байланысты біз көрсетілген орындарды жұртшылықтан қоршау үшін жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет хат жолдадық, алайда көп жағдайда құрылыстар жеке меншік болып табылады, ал иелерінің өздері басқа облыстарда және тіпті басқа елдерде тұрады, сол себепті құрылысты аяқтай алмайды немесе объективті себептер бойынша ғимаратты бұза алмайды. Осы жағдайды ескере отырып, полицияның жаяу және автопатруль маршруттары жақын маңайда жүреді, сондай-ақ учаскелік пункттер де қаланың осындай учаскелеріне бақылауды күшейтті. Құқық қорғау органдары тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қала тұрғындары мен ата-аналар балаларына көңіл бөліп, олардың мақсатсыз қаңғыбастығына жол бермесе екен дегім келеді», – деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.