Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері “Шок терапиясы” акциясын өткізді

Жамбыл облысының полицейлері жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы, жол-көлік оқиғасына негізгі себептер – жылдамдық режимінің асып кетуі және көлік жүргізу кезінде ұйықтап кету, қарсы жолға шығу. Жамбыл облысының полицейлері жүргізушілердің назарын осы мәселеге аударып, “Шок терапиясы” акциясын өткізді. Республикалық автожолдарда патрульдік полиция экипаждарының сүйемелдеуімен жол апатынан зақымдалған автокөлігі бар эвакуатор жүріп өтті.

Осылайша, полиция автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырды. Тәртіп сақшылары жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы айтты.

Жол қауіпсіздігі – біздің ортақ мәселемiз. Сіз тәжірибелі жүргізуші немесе көлік басқаруды енді бастаған болсаңыз да қайғылы жағдай кез келген адаммен және кенеттен болуы мүмкін. Немқұрайлылықпен қарау және жол ережелерін бұзу қайғылы жағдайларға әкеледі. Бұл акцияның мақсаты – жүргізушілерді қорқыту емес, оларға ой салу.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында 449 жол-көлік оқиғасы болды. Онда 51 адам қаза тауып, 694 түрлі жарақат алды. Статистикалық талдау көрсеткендей, ЖКО-ның 97 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру