Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Уылдырық” ЖПІШ: Қызылордада 10 құқық бұзушылық анықталды

“Уылдырық” іс-шарасы барысында 10 құқық бұзушылық дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қала аумағында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезінде “Уылдырық – 2024” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында, табиғатты қорғау тобының инспекторы және жануарлар дүниесін қорғау қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағына қарасты су орындарында заңсыз балық аулауды болдырмау, жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара кезінде, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) дерегі бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру