Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының жолдарында полицейлер”Крис-П” радиолокациялық жүйелерін пайдаланады

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Алматы облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс жолдарында “Крис-П” радиолокациялық жүйелерін пайдаланады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ретте патрульдеу Мемлекет басшысының және ҚР ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша цифрландыру бағдарламасы аясында енгізілген “Ekin X-Spotter Mobile” құрылғысымен жабдықталған қызметтік көліктер арқылы жүзеге асырылады.

Бұл камералар жолдардағы жағдайды тиімді бақылауға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеуге және тануға мүмкіндік береді.

– Қызметтік автокөлікке орнатылған кешен бейнежазбаны жүргізеді және жағдай туралы алынған мәліметтерді мұрағатқа түсіреді, көліктердің мемлекеттік нөмірлерін панорамалық тану және тіркеуді жүзеге асырады, – деп атап өтті ЖПҚБ ПД бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Биыл жыл басынан бері облыста ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзудың 251 338 фактісі тіркелсе, оның 154 261-і әртүрлі автоматты радиолокациялық жүйелер арқылы анықталған.

Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады. Өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін есте сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру