Жамбыл облысының тумасы өз әріптестеріне жасырын несие рәсімдеді
Жамбыл облысының тумасы өз әріптестеріне жасырын несие рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қ.ПБ Сол жағалау ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бұрын ҚР Қарулы Күштері қатарында жұмыс істеп, әріптестерінің сеніміне кіріп, олардың жеке деректерін пайдалана отырып, микро-қаржы ұйымдарында онлайн қарыздардың атына ресімдеу жүргізген Жамбыл облысының 23 жастағы тумасын анықтап, ұстады.
Осылайша, күдікті жәбірленушілерге 400 мың теңгеден астам материалдық залал келтірген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.