Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тумасы өз әріптестеріне жасырын несие рәсімдеді

Жамбыл облысының тумасы өз әріптестеріне жасырын несие рәсімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қ.ПБ Сол жағалау ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бұрын ҚР Қарулы Күштері қатарында жұмыс істеп, әріптестерінің сеніміне кіріп, олардың жеке деректерін пайдалана отырып, микро-қаржы ұйымдарында онлайн қарыздардың атына ресімдеу жүргізген Жамбыл облысының 23 жастағы тумасын анықтап, ұстады.

Осылайша, күдікті жәбірленушілерге 400 мың теңгеден астам материалдық залал келтірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру