Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда смартфон ұрлығының үш дерегі ашылды

Таразда смартфон ұрлығының үш дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының полиция қызметкерлері үш қалта ұрлығын ашты.

Тараз қаласының қоғамдық орындарында үш ұялы телефонды ұрлағаны үшін облыс орталығының 26, 32 және 49 жастағы үш тұрғыны ұсталды.

Барлық дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Заттай дәлелдемелер алынды.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері азаматтарды жеке мүліктеріне, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде қырағылық танытуға шақырады және оларды ұрлатпау үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру