Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жігіт Балқашта тұратын бұрынғы әйелін алып қашты

Қарағандылық жігіт Балқашта тұратын бұрынғы әйелін алып қашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілдеде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 67 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол өзінің бұрынғы күйеу баласы 25 жастағы қызын күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытта кетіп бара жатқанын хабарлаған.

Күдікті – 27 жастағы жігіт Қарағандыда тұратын болғандықтан, полиция оларды осы қалада іздеу жұмыстарын жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстың ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қарағанды қаласының жеке үйлерінің бірінен ұрланған әйелді тапты. Әйелді ұрлап кеткен жігіт қолға түсті. Күдіктінің түсіндіруінше, оның бұрынғы әйелін ұрлауға итермелеген себебі баласын көргісі келген.

ҚР ҚК-нің 126-бабы (Заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру