Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда скутер ұрлап кеткен әйел ұсталды

Скутер ұрлап кеткен қарағандылық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілдеде 35 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші өзінің скутерін белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтты. Көлік мөлтек аудандардың бірінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласында болған екен. Шығын мөлшері 300 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

17 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 31 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, скутер тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру