Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғынынан заңсыз сақталған аңшы мылтығы табылды

Жамбыл облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы тәулігінде мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жамбыл облысының аумағында 9-11 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай-ақ жол қауіпсіздігінің алдын алу, жолын кесу және ашу.

Аталмыш іс-шараның бірінші күнінде 7 қылмыс тіркелді, сондай-ақ бұрын жасалған екі қылмыс дерегі ашылды. Іздеуде жүрген бір күдікті ұсталды.

Полиция қызметкерлері саяжайларды, қараусыз қалған және құрылысы тоқтаған ғимараттарды, сондай-ақ үй шатырлары мен жертөлелерді тексерді. Базарлар мен басқа да сауда орындарын, қолайсыз отбасыларды, қоғамға жат әрекеттер мен қараусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарын қарады. Сондай-ақ азаматтық қару иелері мен шетелдіктерді тексеру жұмыстары жүргізілді

Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде Шу ауданының полиция қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынның қаруды заңсыз сақтағанын анықтады. Бірлікүстем ауылының маңында орналасқан шаруа қожалығын тексеру кезінде 16 калибрлі аңшылық мылтық пен оның оқ-дәрілері табылды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында барлығы мыңға жуық, олардың ішінде ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қару сақтау ережелерін бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы секілді әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру