Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкері өртеніп жатқан көлікті сөндірді

Алматыда полиция қызметкері өртеніп жатқан көлікті сөндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz 

Медеу аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Әділбек Қозыбеков Рысқұлов даңғылының бойымен келе жатып, өртеніп жатқан көлікті көрген.

– Көпірде өртеніп жатқан көлікті көрдім. Ойланбастан өрт сөндіргішті алып, көмекке қарай жүгірдім. Абырой болғанда, өртті дер кезінде сөндірдім, көліктің толықтай жанып кетуіне жол бермедім. Бұл көлікті әйел адам басқарған. Ол Балқаш қаласынан келген екен, қаланы жақсы білмейді. Біз эвакуатор шақырып, көлікті тұраққа жеткізуге көмектестік. Халыққа адал қызмет ету, жан-жақты көмек көрсету – біздің парызымыз. Өзім де сәтті аяқталғанына өте қуаныштымын, – деді Қозыбеков.

Балқаш қаласының тұрғыны Наталья Дробытова Алматы ПД басшылығына видео үндеу арқылы алғысын жолдады. Ал оқиға куәгерлерінің бірі пост жазды.

– Бізге көмектескен Әділбекке алғысымды білдіргім келеді. Рысқұлов көшесінің бойымен келе жатқан едік, көлігіміз түтіндей бастады. Біз тоқтағанымызда, өтіп бара жатқан көліктен мына жас жігіт секіріп түсті. Осындай жақсы тәрбие берген ата-анасына алғыс айтқым келеді. Бізге көмектесті, тынышталдырды. Оған үлкен рақмет айтқым келеді. Ешқашан ауырмаңыз, – деді Наталья өз үндеуінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру