Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында 900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Атырау облысында екі күнде 900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

9-11 қараша аралығында облыс көлемінде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара кезінде Атырау облысының полиция қызметкерлерімен көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сонымен қатар жолда жүру ережесін сақтау, жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, 2 күнде 900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Олардың ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған – 31, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамаған – 7, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз – 60, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 107, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 45, қоғамдық орындарда айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған 133 адам жауапқа тартылды.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе алкогольдік масаю күйде жүрген – 95, түнгі тыныштықты бұзған – 36, белгiленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша – 192, жолдың қарсы бағытына шыққан – 2 жүргізуші, жаяу жүргіншілерге жол бермеген – 28 жүргізуші, алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік құралын басқарған – 8, жүргізуші құқығынан айырыла отырып, көлік құралын басқарған – 4 жүргізуші, жаяу жүргінші өткелін көре тұра жолды тыс жерде өткен 160 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру