Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ер адам кіреберісте тұрған велосипедті ұрлап кетті

Шымкентте ер адам кіреберісте тұрған велосипедті ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкент тұрғыны кіреберісінде тұрған велосипедін ұрлатып алды. Оқиға 26 қазанда сағат 16:00 шамасында орын алған. Бұл бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында үйдің кіреберісінде тұрған құны 50 мың теңге тұратын өзіне тиесілі велосипедін белгісіз адам жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сұрастыру жұмыстары қолға алынып, жақын маңайдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 41 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Тергеу кезінде ұсталған азаматтың велосипедті 50 мың теңгеге сатып, түскен қаржыны өз пайдасына жұмсап жібергені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру