Жамбыл ҚАЖД бастығы самбо күресінен жүлделі орын алған қызметкерлерді марапаттады
Жамбыл ҚАЖД бастығы самбо күресінен жүлделі орын алған қызметкерлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің қызметкерлері арасында самбо күресінен өткен ІХ чемпионаттың қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінген спортшыларды марапаттады.
– Спорттың қоғамда алар орны ерекше. Себебі спорт – ұлт мерейі, денсаулық, рухтың күштілігі. Бүгінгі күні облыстың түкпір-түкпірінде спорттық сауықтыру кешендері салынып жатыр. Онда әртүрлі салада қызмет ететін жастар жаттығып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жуырда ғана өз мәресіне жеткен ҚАЖ саласының қызметкерлері арасындағы ел біріншілігінде өңіріміздің намысын қорғаушы қызметкерлеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл – спортшылар мен бапкерлердің, спорт саласында еңбек етіп жүрген мамандардың маңдай терінің жемісі, – деді Т.Жәнібеков.
Айта кетейік, Ақмола облысы Щучинск қаласында өткен чемпионатта Сержан Төлепбергенов пен Елдос Қуанышбек сәтті өнер көрсетіп, жүлделі ІІ және ІІІ орынды жеңіп алған болатын.