Жамбылда белгіленбеген орында жайылған мал үшін иелеріне айыппұл салынды
Жамбылда белгіленбеген орында жайылған мал үшін иелеріне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үй малдарының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы ПД-нің қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар жолдарға жақын орналасқан елді мекен тұрғындары мен қосалқы шаруашылық иелері арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
22 қарашада полиция қызметкерлері патрульдеу барысында мал жаю ережелерін бұзу дерегін анықтады, 49 жастағы ер адамның өз малдарын қараусыз қалдырғаны белгілі болды.
– Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Осындай заңсыз әрекетті 42 жастағы жергілікті тұрғын әйел де жасаған. Енді кінәлі азаматтарға әкімшілік айыппұл салынатын болады, – деді полицияда.
Айта кетейік, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 3028 дерегі анықталды.