Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда пробация қызметкеріне пара беру жайтының жолы кесілді

Пробация қызметкеріне 20 мың теңге көлемінде пара ұсынған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарысу ауданының тұрғынына қатысты көрінеу заңсыз әрекеттер жасағаны үшін лауазымды тұлғаға пара беру жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылған А. есімді азаматша Сарысу аудандық пробация қызметінің бастығы Айбек Ниязымбетовке тәртіптік жауапкершілікке тартпауы және бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалдарды сотқа жібермеуін сұрап пара ретінде 20 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге ниет білдірген.

Пробация қызметкері аталған жайт бойынша Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне және аталған департаментің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Нәтижесінде пробация қызметкерінің кабинетінде пара беруші ақшаны ұсынып жатқан кезінде ұсталды.

– Пара беру үстінде ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Жалпы, мұндай факт жыл басынан бері үшінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін ЖД-158/1 және ЖД-158/2 мекемелерінің қызметкерлеріне пара ұсынғандар құрықталған, – деді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Ескеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру