Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері ардагерге алғыс хат табыстады

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері ТЖ кезінде көмек көрсеткен ардагерге алғыс хат табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 жылға жуық құқық қорғау саласында еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан Сурхадин Бадыров бір сәт те өзі қызмет еткен мекемеден қол үзіп қалған емес.

Қаңтарда болған оқиғаның залалы тарихы терең Таразға да тиді. Көптеген стратегиялық нысандар қирап, талай адам қаза тапты. Жаппай тәртіпсіздікте қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда, әсіресе, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылды. Дүрбелеңді басу үшін олар күн-түн демей, көз ілмей күресті.

Осындай сәтте зейнеттегі Сурхадин Бадыров тәртіп сақшыларының қасынан табылды. Қолдан келгенше көмек қолын созып, сарбаздарды азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз етумен бірге, қолына қару алып, атқа қонды. Бүлікшілердің жолын кесудегі күресте аянып қалған жоқ.

Қазақстан Ресбуликасының аумағына енгізілген төтенше жағдай кезінде ішкі істер органының бұрынғы қызметкері ретінде Отанның ержүрек ұлы екенін өз ісімен дәлелдеді.

Жеке құраммен бірге құқық пен тәртіпті нығайтуға зор үлес қосқаны үшін Сурхадин Бадыров Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінің жеке құрамының атынан және  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінің бастығы Е.М.Тоқановтың алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру