Жамбылда сотталған әйел орта білім туралы аттестатқа ие болды
Жамбылда сотталған әйел орта білім туралы аттестатқа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбылда Р.И. есімді сотталушы ҚАЖ қызметкерлерінің қолдауының арқасында орта білім туралы аттестатқа ие болды.
ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеген ол ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолданысқа енген “Рақымшылық туралы” Заңға сәйкес бостандыққа шықты. Азаматша жазасын өтеу барысында осындай мүмкіндікті иемденуге сеп болған мекеме әкімшілігіне ризашылығын білдіріп, еркін өмірде де білім алуды жалғастыратынын жеткізді.
Айта кетейік, Ата заңымызға сәйкес елімізде 30 жасқа толмаған сотталушының орта білімі жоқ болса, оған жазасын өтеу мерзімінде орта білім берілуі тиіс. Осы мақсатта өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі оқуға ынтасы бар жазасын өтеушілерге жағдай жасалған.