Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда түзеу мекемесінің қызметкерлері Ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсетті

Жамбылда түзеу мекемесінің қызметкерлері Ауған соғысы ардагеріне құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1989 жылдың 15 ақпаны – Кеңес әскерінің шектеулі бөлігі Ауғанстан аумағынан шығарылған күн.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі бастығының орынбасары Ғ. Тлепов және кадр саясаты тобының бас маманы Ғ. Құлымбетовтың бастамасымен Ауған соғысының ардагері Асылбек Сағынбайұлының шаңырағына арнайы барды.

Кездесуде ҚАЖ қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетіп, жүрекжарды ыстық лебіздерін жеткізіп, соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету ардайым біздің қасиетті парызымыз деп шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру