Жамбылда ЖҚЕ бұзудың 2 мыңнан астам дерегі тіркелді
Жамбылда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында облыс аумағында 3 желтоқсаннан бастап "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
- Тәулік ішінде тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқарған 6 жүргізушіні анықтады. "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жуалы ауданының Бәйтерек ауылында 60 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындығы Mercedes-Benz 190 маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында полицейлер ер адамның көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды. Осыған ұқсас құқық бұзушылық Сарысу, Меркі, Мойынқұм және Талас аудандарында да орын алды. Енді жүргізушілер қамауға алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 2 322 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін тіркеді.
Оның ішінде:
- техникалық байқаудан өтпеген КҚ басқару - 151;
- көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану - 205;
- қауіпсіздік белдігі бекітілмеген - 282;
- маневр жасау ережелерін бұзу – 170;
- қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу – 3;
- бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту - 60;
- жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеу - 49;
- апатты жағдай жасау - 27;
- көлік құралын мас күйінде басқару – 17;
- КҚ басқару құқығы жоқ құжаттарсыз басқару – 133;
- жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы - 429.
Барлығы 76 көлік айып тұрағына қойылды.