Жамбылдық полицейлер фронт-офисте тұрғындарды қабылдауда
Жамбылдық полицейлер фронт-офисте тұрғындарды қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілдеде Жамбыл облысы Полиция департаментінің фронт-офисінде ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Тайбеков өңір тұрғындарын арыз-шағымдары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар ұрлық, алаяқтық, көп қабатты үйлер маңында орналасқан шағын бизнес орындарының заңсыз әрекеттеріне шара қолдану, жол-көлік оқиғасы деректері бойынша қылмыстық істерді тергеу, істерді қарау кезіндегі созбалаңға салу секілді мәселелерiмен келді.
Полиция полковнигі Ербол Тұяқұлы әрбір арызданған тұрғынды мұқият тыңдап, қарастырылып отырған мәселеге қатыстылығына байланысты тікелей жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Нәтижесінде барлық азаматтар қажетті кеңестер мен түсініктемелер алды.
Азаматтарды осындай сипаттағы қабылдау шарасы «халық үнiн еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты проблемаларын шешуге және заңдылық пен құқық тәртібін бұзуға жедел ден қоюға бағдар бере отырып, халықпен ашық қарым-қатынас орнату мақсатында белгіленген міндеттерді іске асыру болып саналады.
– Фронт-офистерде халыққа ашық қызмет көрсетуге, келген азаматтың шағымына жедел ден қоюға мүмкіндік жасалынған. Бүгінгі қабылдауда да түрлі жағдайларымен шағымданған бiрқатар тұрғындардың сұрақтарына осы жерде жауап беріп, заңды шешімдерiн табуға көмектестік. Ал кейбір арыздарды жан-жақты зерделеу үшін уақыт қажет болатынын түсіндірдік, – деді Ербол Тайбеков.