Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 31 жастағы ер адам ақбөкеннің ұшасын тасымалдаған

Ақмола облысында 31 жастағы ер адам ақбөкеннің ұшасын тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарқайың аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Охотзоопром” РМК инспекторларымен бірге аудан аумағында заңсыз аң аулаған күдіктіні ұстады.

20 шілдеде Шойындыкөл ауылы аумағында 31 жастағы осы ауыл тұрғынының басқаруында болған “Газель” маркалы автомобиль шанағынан: бір киік ұшасы, “МР-153” тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 12 калибрлі 11 патрон табылды.

Полиция бөлімі аталған фактіні ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру