Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қозғалыстың қарсы жолағына шыққаны үшін елордалық жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

Нұр-Сұлтанда патрульдік полиция қызметкерлері Lada Granta автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарбалас сағатта” Қабанбай батыр даңғылы бойымен екі жақты қозғалыс жолымен келе жатып, автомобиль иесі тығыз көлік ағынынан қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, сол жол бойымен жүрген.

Жүргізуші өзінің маневрлерімен қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігіне шыққан.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші қарама-қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігіне шыққаны үшін алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Елордада 19 шілдеден бастап жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Екі күн ішінде 700-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Үш жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Екі мас жүргізуші ұсталды. Жаяу жүргіншілер өткелінен өткені үшін 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, бесеуі авариялық жағдай жасаған және 24 жүргізуші көше қиылысынан бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен.

Сонымен қатар “Қорғау” мобильдік қосымшасының көмегімен 100-ге жуық жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешектері бар екені туралы хабарланды. Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық тұрағына 15 автокөлік қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру