Жамбылдық полицейлер «гашиш» есірткі затын сатушыны ұстады
Жамбылдық полицейлер «гашиш» есірткі затын сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 18 шілдесінде «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қайнар-Қордай» автожолында ВАЗ-2107 маркалы автокөлігін тоқтатты.
Полицейлер көлікті тінту барысында Тея атты қызметтік иттің көмегімен көлік жолаушысы Шу қаласының 25 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы төрт келі болатын «гашиш» есірткі затын тапты.
– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.