Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер көлігін «тапшанға» айналдырған шетелдік азаматты анықтады

Жамбылдық полицейлер көлігін «тапшанға» айналдырған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде ерекше дерек анықталды. Автокөліктің салоны отыратын тапшанға айналғандығы анықталды. Салон ішінде 12 жолаушы, оның 5-еуі бала болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынғандығы белгілі болды.

– Жүргізуші мен жолаушылар көрші мемлекеттің азаматтары екендігі және Ресейге табыс табу үшін бара жатқандығы анықталды. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз, дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің теріс нәтижесінің алдын алдық. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қызмет барысында біз күн сайын әртүрлі жағдайларға тап боламыз.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар! Бұл жолы барлығы сәтті болады немесе қорқынышты ештеңе болмайды деп ойламаңыздар. Ешкім ешнәрседен сақтандырылмаған, кез-келген уақытта кез-келген жағдай болуы мүмкін! Жолдардағы қауіпсіздік үшін әрқайсыңыз жауапты екеніңізді түсініңіздер! – деді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру