Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Арыстан” арнайы лицейінің оқушылары нашақорлыққа қарсы дәрісті тыңдады

Алматыда “Арыстан” арнайы лицейінің оқушылары нашақорлыққа қарсы дәрісті тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында “Арыстан” мамандандырылған лицейінде дәріс өткізді.

250 қатысушы жедел қызметкерлердің күнделікті іс-тәжірибесінен қамауға алу туралы шынайы оқиғаларды қызығушылықпен тыңдап, нарколог-дәрігердің кеңесіне құлақ түрді. Психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы есірткі заттарын қолданудың қайтымсыз салдары мен жаңадан шыққан “синтетикаға” тәуелділік туралы айтты. Сонымен қатар қатысушыларға есірткі зертханаларын жою және ойын-сауық мекемелеріндегі тұтқындау туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру