Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні анықтады

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлер көлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізушінің Mitsubishi Сolt автокөлігін ыңғайсыз айдап келе жатқандығын, жүргізушінің көлікті басқарудағы қиындықтың барын байқаған. Автопатруль экипажы ер адамға көлікті тоқтатуды сұраған, бірақ ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бірден бағынбай, біраз уақыт қозғалысын жалғастырды.

Патрульдік полиция инспекторлары автокөлікті тоқтатып, құжаттарды тексергеннен кейін тәртіп бұзушыдан мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді.

Қорытындыға сәйкес, ер адам ішімдік ішкен күйінде көлік жүргізген.

Мамыр айында сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көлік айыптұраққа қойылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті мас жүргізуші туралы «102» тетігіне қоңырау шалу немесе Іnstagram желісіндегі zhambyl_police ресми парақшасына жазу арқылы хабарлауға болатындығын ескертеді.
Барлық келіп түскен ақпараттар бойынша полиция қызметкерлері қажетті ден қою шараларын қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру